🌱 "Таза Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты - оқушыларды табиғатты қорғауға, қоршаған орта тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақыру. Тәрбие сағатында оқушылар қоршаған ортаны ластамау, қоқысты сұрыптау, табиғатқа жанашырлықпен қарау туралы қызықты ақпараттармен бөлісіп, талқылаулар жүргізді.
Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы туралы ой қозғады. Сондай - ақ экология тақырыбында шығармашылық жұмыстар жасап, ортақ идеяларды жүзеге асыруға ұсыныстар айтты.
Осындай шаралар арқылы біз табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті арттырып, жарқын болашаққа бірге қадам жасаймыз! 🌍💚
Сынып жетекші: Имантаева.Д.М
#ТазаҚазақстан #Экология #ЖасҰрпақ #ТәрбиеСағаты #біртұтас_тәрбие