Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Қажыкелді атындағы негізгі мектебі
Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданының білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
Қажыкелді атындағы негізгі мектебі
Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданының білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген педагогтерге алғыс айтты. Сонымен қатар еліміздегі оқу-ағарту саласын дамыту жолында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды

Президент ұлағатты ұстаздар тұтас ұлтты тәрбиелейтінін атап өтіп, жастардың бойына адал азаматқа тән қасиеттерді сіңіру өте маңызды екенін жеткізді

Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді. Бір сөзбен айтсақ, барша жетістіктің бастауында ұстаз тұр. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында. Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу. Себебі сіздер бала оқыту арқылы келешектің кірпішін қалайсыздар. Қазақстанның дамыған ел болуына зор үлес қосып жүрсіздер. Сіздердің табанды еңбектеріңіз ерекше құрмет пен жоғары марапатқа лайық, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбегі ерен мұғалімдер жеткілікті екенін атап өтіп, алдағы уақытта олар да назардан тыс қалмайтынын айтты.

Жиын соңында Мемлекет басшысы білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды

t.me/aqorda_resmi
t.me/aqorda_resmi
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#Біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы
#абайоблысыбілімбасқармасы