Отбасындағы құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылардың өнегелі өмірін насихаттауға, шығармашылығын шыңдауға бағытталған «Мерейлі отбасы» байқауы биыл да өз жалғасын тапты.
Ауданымызда “Мерейлі отбасы” байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің отбасылық ұстаздарымыз Сылдырбаевтар қатысып, жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Семей қаласында өткен облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы бойынша ауылымыздың Сылдырбаевтар отбасы облыс әкімі Нұрлан Телманұлының алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма