📚 Еліміз бойынша тамыз айының басынан бері “Мектепке жол” республикалық акциясы жүріп жатқаны мәлім. Мұндағы мақсат-жаңа оқу жылы қарсаңында тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті заттармен, киім-кешекпен қамтамасыз ету. Республика бойынша өтіп жатқан шараға барлық мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлер атсалысып жатыр.
📚 Атаулы акциядан аулымыздағы "Нұраш" шаруа қожалығының басшысы Байтөлегенов Толен Нұрашұлы да қалыс қалған жоқ.Мектебіміздің1-сынып бүлдіршіндеріне жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар алып беріп, балаларды қуантты.Балаларға арналған базарлықты ауылымыздың әкімі Жанаков Мирдос Мүташұлы келіп табыстады.
📚 Жаңа оқу жылына қол ұшын созып, балаларға қуаныш сыйлағаны үшін,кәсіпкерге ұстаздар ұжымы және ата-аналар қауымы өз ризашылығын білдірді.
📚 Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан-сүйгіштік рухың мықты болуын шын жүректен тілейміз. Асқар шыңдарды бағындырып, қонар тұғырың биік болсын бүлдіршін.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма