2024-2025 оқу жылының 1- жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру отырысы болып өтті.
Қаралған мәселелер:
1. 1 жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстарға талдау
2. Азқамтылған және көпбалалы отбасыларына көрсетілген көмек түрлері және олардың жаңа жыл мерекесіне қатыстырылуы.
3.Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу мәселесі
Қаулы:
1.Мектептегі әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға демеушілер тарту бойынша жұмысты жандандырып, жұмысы жалғастырылсын.
2.Ыстық тамақтың сапасын, асхана тазалығын үнемі бақылауда ұстау мектепішілік бракераждық комиссия мүшелері мен мектеп әкімшілігіне жүктелсін.
3.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының, қамқоршылық кеңесінің төрайымының 2024-2025 оқу жылының бірінші жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстың есебіне жақсы деген баға берілсін.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма