Қайда менің мектеп күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дуылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім
Қайда сол бір асыл жанды достарым,
Аңқылдаған, жарқылдаған от жалын,
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың,
Мектепті еске аламыз жүрегімізде от жанып. Мектебімізде асыға күткен түлектермен кездесу кеші өтті. Кеш барысында түлектер мен оқушылар арасында қызықты ойындар ойналып, оқушылар концерттік номерлерін көрсетсе, түлектер өз кезегінде түрлі ақыл- кеңестерін айтып, ойларымен бөлісті.
Ұйымдастырушы: тәлімгер Демеубаева А. Т.