Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Қажыкелді атындағы негізгі мектебі
Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданының білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
Қажыкелді атындағы негізгі мектебі
Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданының білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

1- қазан қарттар мерекесі күніне орай «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жоспарына сәйкес мектебіміздің кіші орталық тәрбиеленушілері өздерінің кішкентай жүректерінің лебізін білдірді.
Қарты бардың — қазынасы бар демекші, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл - кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек.
Отбасында баланы жастайынан үлкендерге, ата-аналарға құрметпен қарауға үйретеді. Бұл ұрпақтар байланысын және дәстүр сабақтастығын сақтауға ықпал етеді.
Қарттар күні – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін ерекше құрметтеудің, сондай - ақ қарттарға қолдау көрсету, олардың тұрмысын жақсарту мен өмір сүру ұзақтығын арттыру сияқты мәселелерге назар аударудың символы.
Ең бастысы – қарияларға көңіл бөлу, балалар мен немерелердің, туған-туыстар мен жақындардың сүйіспеншілігі мен қамқорлығы. Қарттарымыз аман жүрсін!
Тәрбиешісі:Байбатшаева Н.Т
#Біртұтас_тәрбие
#қарттаркүні